UFC жауынгері Аллан Насименто 34 жасында көз жұмды
Бразилиялық UFC жауынгері Аллан Насименто 34 жасында өмірден өтті. Бұл туралы UFC ұйымы ресми мәлімдеме жасады, деп жазады malimsports.kz.
Ұйымның хабарлауынша, 3 тамыз күні аса жеңіл салмақта өнер көрсеткен спортшы ес-түссіз күйде табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол ұйықтап жатқан кезінде жүрек талмасына ұшыраған болуы мүмкін. Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері қажетті көмек көрсеткенімен, жауынгердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
«3 тамыз күні сүйікті жауынгеріміз Аллан Насиментоны ұйқы кезінде болған жүрек талмасынан кейін ес-түссіз күйде тапты. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері бар күшін салғанымен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын тіркеді», - деп жазылған UFC ұйымының ресми мәлімдемесінде.
Сондай-ақ ұйым марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
«Осы ауыр сәтте біздің ойымыз бен шынайы көңіл айтуымыз Алланның отбасы, достары, командаластары және барлық жақындарының жанында», - деп мәлімдеді UFC.
Айта кетейік, Аллан Насименто UFC ұйымында аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен бразилиялық файтер болатын.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған