457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

UFC-дің бұрынғы чемпионы Брок Леснар спорттық мансабын аяқтады

Мансабын аяқтау туралы шешімге 1 тамыз күні өткен SummerSlam турниріндегі жеңілісінен кейін келген.

Америкалық рестлер әрі UFC ұйымының ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы Брок Леснар 49 жасында кәсіби спорттағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол The Pat McAfee Show YouTube арнасында хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Леснардың айтуынша, мансабын аяқтау туралы шешімге 1 тамыз күні өткен SummerSlam турниріндегі жеңілісінен кейін келген.

«Барша әлемге спорттық мансабымды аяқтайтынымды хабарлағым келеді. Маған қолдау көрсеткен барлық жанкүйерге алғыс айтамын. Сенбі күні мен үшін өте ауыр күн болды. Оба Феми мені рингке лақтырған сәтте: "Енді мұнымен айналыса алмаймын, болды" деп ойладым. Осы аптада спортпен қоштасатын уақытым келгенін түсіндім», – деді Леснар.

1 тамызда өткен SummerSlam шоуының басты кездесуінде Брок Леснар жабық тордағы жекпе-жекте Оба Фемиден жеңілді. Бұл оның аталған қарсыласынан алған екінші жеңілісі болды. Бұған дейін екеуі көктемде WrestleMania турнирінде кездескен еді.

Брок Леснар спорттық мансабының басым бөлігін кәсіби рестлингте өткізіп, бірнеше мәрте әлем чемпионы атанды. Ал 2008 жылы UFC ұйымында дебют жасап, сол жылдың қарашасында ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуді жеңіп алды. Кейін ол бұл атағын екі рет сәтті қорғады.

2011 жылы Алистар Оверимнен жеңілгеннен кейін Леснар UFC-ден кетіп, қайтадан рестлингке оралды. Ал 2016 жылы UFC-дегі соңғы жекпе-жегін Марк Хантқа қарсы өткізгенімен, допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткендіктен бұл кездесу жарамсыз деп танылды.

Жалпы аралас жекпе-жек (ММА) мансабында Брок Леснар 5 жеңіске жетіп, 3 рет жеңілген. Ол UFC тарихындағы ең танымал ауыр салмақтағы чемпиондардың бірі ретінде есте қалды.

Фото: Getty Images