457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

UFC-де сенсация: Петр Ян Двалишвилиді жеңіп, чемпиондық белбеуін қайтарып алды

Жекпе-жек алдында грузин спортшысы айқын фаворит саналған

АҚШ-тың Невада штатындағы Парадайс қаласында өткен UFC 323 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Петр Ян жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Мераб Двалишвилиді жеңіп, белбеуін қайта иеленді.

Бес раундқа созылған тартысты айқас толық дистанцияға жалғасып, қазылар алқасы жеңісті бірауыздан Петр Янның пайдасына тіркеді – 49:46, 49:46, 48:47.

Жекпе-жек алдында грузин спортшысы айқын фаворит саналғанымен, октагонда жағдай басқаша өрбіді. Ян қарсыласына өз стилін жүргізуге мүмкіндік бермей, тайталаста тактикалық жағынан басым түсті.

Екі спортшы бұған дейін 2023 жылдың наурызында кездескен. Сол кезде Мераб Двалишвили төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен болатын.
UFC 323 турниріндегі реванш нәтижеcі керісінше аяқталып, серия 1:1 болып теңесті.

• Грузиялық спортшы Мераб Двалишвили 2024 жылдың қыркүйегінде чемпион атанып, белбеуді үш рет сәтті қорғаған еді.
• Бұл жолғы жеңіліс – оның 2018 жылдың сәуірінен бергі алғашқы сәтсіздігі.
• Қазіргі рекорды: 21 жеңіс, 5 жеңіліс.

• Петр Ян алғаш рет UFC чемпионы атағын 2020 жылы жеңіп алған болатын.
• Соңғы жылдары бірқатар қиын жекпе-жектерден кейін титулынан айырылған еді.
• UFC 323 нәтижесімен Ян кәсіби мансабындағы 20-жеңісіне жетіп, чемпиондық мәртебесін қайта қайтарды.
• Рекорды: 20 жеңіс, 5 жеңіліс.

Бес раунд бойы қарқын еш төмендеген жоқ.
Двалишвили дәстүрлі түрде күреске, клинчке және үздіксіз қысымға сүйенсе, Ян қарсы шабуыл мен дәлдікке негізделген бокс стилін көрсетті.
Тактикалық сауаттылық пен соққы дәлдігі ресейлік спортшыға басымдық әкелді.

 Фото: Chris Unger/Zuffa LLC