UFC Баку: қазақстандық файтерлердің жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бүгін, 27 маусымда Әзербайжанның Баку қаласында UFC Fight Night турнирі өтеді. Бұл кеште Қазақстанның екі өкілі октагонға шығады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бекзат Алмахан (12-3) алдын ала кардтың екінші жекпе-жегінде бразилиялық Жан Мацумотомен (17-2) кездеседі. Жекпе-жек шамамен Қазақстан уақытымен 18:25-те басталады.
Ал Асу Алмабаев (23-3) негізгі кардтың үшінші жекпе-жегінде америкалық Чарльз Джонсонмен (19-8) күш сынасады. Бұл кездесу шамамен 22:00-де өтеді.
Турнирдің барлық жекпе-жегін, оның ішінде қазақстандық файтерлердің кездесулерін UFC Fight Pass платформасында жазылым арқылы тікелей көруге болады. Трансляция 18:00-де басталады.
Сондай-ақ турнирді Setanta Sports 1 телеарнасы мен «Кинопоиск» сервисі де (жазылым арқылы) көрсетеді. Алайда олар 21:00-ден бастап тек негізгі кардтағы алты жекпе-жекті ғана тікелей эфирге шығарады. Сондықтан Асу Алмабаевтың жекпе-жегі көрсетілсе, Бекзат Алмаханның кездесуі бұл платформалардың эфиріне кірмейді.
Айта кетейік, турнирге қатысатын барлық 26 спортшы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.
Фото: Gettyimages.com
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған