UFC 329 турнирі: Конор Макгрегордың салмағы қарсыласынан ауыр болып шықты
Лас-Вегаста өтетін UFC 329 турниріне қатысатын спортшылар ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақ дәрежесінде (77,1 келіге дейін) ирландиялық Конор Макгрегор америкалық Макс Холлоуэймен кездеседі. Бұл қос спортшының реванш айқасы болмақ. Олар алғаш рет 2013 жылы октагонда кездесіп, сол кезде Макгрегор төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен еді.
Алдағы жекпе-жек Конор Макгрегор үшін бес жылдық үзілістен кейінгі алғашқы кездесу болмақ. Ресми салмақ өлшеу кезінде ол 170,5 фунт (шамамен 77,3 келі) тартты. Бұл титул сарапқа салынбайтын жекпе-жектер үшін рұқсат етілген шекті мөлшерден аспайды.
Ал Макс Холлоуэйдің салмағы 170 фунтты (77,1 келі) көрсетті. Бұл оның жартылай орта салмақ дәрежесіндегі алғашқы жекпе-жегі болады.
Осылайша, кештің басты айқасы ресми түрде бекітілді. UFC 329 турнирі 12 шілдеге қараған түні өтеді. Қазақстан уақыты бойынша Конор Макгрегор мен Макс Холлоуэй арасындағы жекпе-жек жексенбі күні таңғы сағат 08:00-ден ерте басталмайды.
Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған