Sporty Salaries порталы UFC 326 турнирінің қатысушыларының болжамды гонорарларын жариялады. Сол тізімде қазақстандық Дияр Нұрғожайдың табысы да көрсетілген, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кештің басты оқиғасы – BMF title жекпе-жегі болды. Онда Чарльз Оливейра жеңіске жетіп, Макс Холлоуэйден титулды тартып алған-ды. Бразилиялық спортшы барлық бес раундты сенімді өткізді.
Қазақстан өкілі Дияр Нұрғожай да табысты өнер көрсетті. Ол UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, ұйымнан шығу қаупін төмендетті. Дереккөздің мәліметінше, қазақстандық шамамен 56 мың доллар (шамамен 28 миллион теңге) табыс тапқан: октагонға шыққаны үшін 26 мың, жеңіске жеткені үшін 26 мың, тағы 4 мың доллар – демеуші бонусы.
Нұрғожайдың қарсыласы Тобиас Харила 16 мың доллар алды: 12 мыңы жекпе-жек үшін, 4 мыңы демеушілерден төлем ретінде.
Фото: ©instagram.com/nurgozhay_diyar