Шавкат Рахмоновтың жұбайына 5 жылдан 10 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмоноваға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы AIRAN YouTube арнасы хабарлады.
Мәліметке сәйкес, Гүлайым Рахмонова ресми түрде күдікті деп танылған. Бұл ақпаратты ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов растады. Қазіргі уақытта тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Алдағы кезеңде сот процесі басталуы мүмкін.
Бағдарлама жүргізушілерінің айтуынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес аталған бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал спортшы Шавкат Рахмонов бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми пікір білдірмеген.
Еске сала кетейік, адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 27 шілдеде болған. Жамбыл облыстық Полиция департаментінің дерегінше, Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін басқарған Гүлайым Рахмонова Қарағанды облысынан Алматы қаласына қарай бет алған. Жолда көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, автокөлік аударылған. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.
Фото: ашық дереккөз
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған