Шавкат Рахмоновтың жарақаты: UFC файтердің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
UFC ұйымы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жаңа жарақатына байланысты жасаған мәлімдемесіне жауап берді, деп жазады malimsports.kz.
UFC-дің ресми орыс тілді Telegram-арнасы қазақстандық спортшының кезекті жарақаты туралы ақпаратқа пікір қалдырды.
Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты октагонға қайта оралуы кейінге шегерілгенін хабарлады. Шавкатқа тезірек сауығып кетуін тілейміз! - деп жазылған UFC мәлімдемесінде.
Бұған дейін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбегені және жаңа жарақат алғаны туралы жазылған болатын. Соның салдарынан оның октагонға шығуы шамамен тағы бір жылға кейінге қалдырылды.
Осыдан кейін Шавкат Рахмонов өзінің денсаулығына байланысты жағдайға жеке түсініктеме берді. Қазіргі таңда ол UFC-дің жартылай орта салмақтағы (77,1 кг дейін) рейтингінде екінші орында тұр. Оның алдында тек ресейлік Ислам Махачев пен австралиялық Джек Делла Маддалена бар. Олар - тиісінше қазіргі және бұрынғы чемпиондар.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған