Шавкат Рахмоновтың жарақаты UFC-дегі жағдайға қалай әсер еткені айтылды
АҚШ-тың ММА өкілі Диллон Дэнис Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жарақаты ұйымдағы оқиғалардың өрбуіне айтарлықтай ықпал еткенін айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Дэнис бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бір адамның жарақаты осы спорттағы бүкіл жағдайдың бағытын қалай өзгерте алатыны таңғаларлық. Егер Шавкат Рахмонов тізесінен жарақат алмағанында, Ислам басқа салмақ дәрежесіне көтерілмес еді, Джастин ешқашан чемпион атанбас еді, Илия екінші белбеуін алмас еді, Джек Делла Маддалена титулдық мүмкіндікке ие болмас еді, Иэн Гэрри белбеу үшін жекпе-жек өткізбес еді. Бұл - салдардың бір бөлігі ғана. Спорт деген осы!» - деп жазды ол.
Еске салайық, 2024 жылдың соңында Шавкат Рахмонов Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, сол кезде Белал Мұхаммадқа тиесілі чемпиондық белбеуге негізгі үміткер атанған еді.
Алайда кейін қазақстандық спортшы тізесінен алған жарақатына байланысты ұзақ уақытқа октагоннан тыс қалды. Оның оңалту кезеңінен өтіп, кейін жарақаты қайта асқынғаны хабарланған.
Қазіргі уақытта Шавкат Рахмоновтың октагонға нақты қашан оралатыны белгісіз.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған