457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шавкат Рахмоновтың UFC-ге қашан оралатыны белгілі болды

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов спортшының мансабына қатысты тараған қауесеттерге пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Тізе жарақатының қайта асқынуына байланысты Рахмонов биыл да жекпе-жек өткізбейді. Осы уақыт аралығында ол UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінен де шығып қалды. Сондықтан оның чемпиондық жарысқа қайта оралу жолы әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.

Соңғы айларда әлеуметтік желілерде жарақаттарының жиілеуі мен жеке өміріне байланысты мәселелерге байланысты Шавкаттың спорттық мансабын аяқтауы мүмкін деген болжамдар тараған еді. Алайда Саят Әбдірахманов мұндай әңгімелердің шындыққа жанаспайтынын айтты.

Қазір мансапты аяқтау туралы ешқандай әңгіме жоқ. Әрине, аралас жекпе-жек – жарақат алу қаупі жоғары спорт, сондықтан мұндай қауіп әрдайым болады. Бірақ қазір ең бастысы – асықпай толық оңалтудан өтіп, денсаулығын қалпына келтіру. Содан кейін ғана келесі қадамдарды жоспарлауға болады. Биыл октагонға оралуы екіталай. Ал келесі жылы қайта жекпе-жекке шығуы ықтимал, – деді Әбдірахманов.

Шавкат Рахмонов соңғы рет октагонға UFC турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы шығып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен болатын.

 

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов