Шавкат Рахмоновтың октагонға оралу мерзімі белгілі болды
DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sports.kz порталына Қазақстанның UFC жартылай орта салмақтағы файтері Шавкат Рахмоновтың (19-0) жарақаты және қалпына келу мерзімі туралы ақпарат берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Шавкаттың жарақаты сол аяғына қатысты, бұрынғысынша. Қалпына келу мерзімі шамамен 6-7 айды құрайды, - деді маман.
Айта кетейік, қазақстандық файтердің соңғы жекпе-жегі 2024 жылғы желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласынжа өткен UFC 310 турнирінде өтті. Сол кезде «Номад» ирландиялық Иэн Гэрримен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Ал Алматыда өткен Naiza 80 турнирінде Рахмоновты таяқпе жүргенін көпшілік байқаған болатын.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған