Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім болмақ?
DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың алдағы жекпе-жегіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Біз келесі жылға тыңғылықты дайындық жүргізіп жатырмыз. Қарсылас ретінде бірнеше нұсқа бар. UFC бұл мәселені өз жоспарларына сәйкес шешеді. Уақыт көрсетеді, бастысы – біз дайын болуымыз керек», – деді ол.
Бапкер жартылай орта салмақта бәсеке өте жоғары екенін де атап өтті.
«Мысалы, Шон Брэди, Камару Усман, Белал Мухаммад, Иэн Гэрри, Жоакин Бакли сияқты мықтылар бар. Тағы да бір қауіпті камерундық спортшы бар, есімі есіме түспей тұр. Ұйым кіммен жұдырықтасатынын шешеді, бірақ кез келген қарсылас біз үшін қызықты. Себебі бұл – ең бәсекелі дивизиондардың бірі. Мен атағандардың кез келгені чемпион бола алады», – деп қосты Базров.
Айта кетсек, бұған дейін Шавкат Рахмоновтың UFC-дің ресми рейтингінен уақытша шығарылғаны хабарланған болатын.
Фото: shavkatrakhmonov94 / instagram
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған