Мәзір
ММА

Шавкат Рахмоновтың әйелі бес жылға бас бостандығынан айырылды

Сабина Асқарқызы 238 қаралым
Шавкат Рахмоновтың әйелі бес жылға бас бостандығынан айырылды

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

1bol.kz-тің жазуынша, сот абайсызда 2 адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық істі қараған (ҚК 345-бабының 4-бөлігі).

Прокурор айыпталушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сонымен қатар, көлік жүргізу құқығынан айыру да ұсынылды.

Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді.

Сондай-ақ, сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Сот әйелдің 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы бар екенін ескерді, оның жазасын ауырлататын басқа мән-жайлар анықталмады.

«Сот үкімімен Р. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп жазылған хабарламада.

Фото: Ozgeris.info

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар