Мәзір
ММА

Шавкат Рахмонов UFC рейтингісінен шығып қалды

Сабина Асқарқызы 248 қаралым
Шавкат Рахмонов UFC рейтингісінен шығып қалды

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Шавкат Рахмонов енді UFC-дің барлық салмақ дәрежелері бойынша үздік 15 жауынгерінің қатарында жоқ, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл жағдай Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында UFC жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейра қатысқан турнирден кейін тіркелді.

Оливейра өз елінде Матеуш Гамротты жеңді, бұл жеңіс оған UFC-дегі үздік 15 спортшы қатарына кіруге мүмкіндік берді.

Ал Шавкат Рахмонов P4P рейтингісінде соңғы бірнеше ай бойы 15-орында тұрғанымен, енді бұл тізімнен шығып қалды. Бұл оның жыл басынан бері жекпе-жекке шықпағандығымен байланысты, өйткені мамыр айында ауыр жарақатына ота жасатқан еді.

Дегенмен, UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингте Рахмонов үздік үштіктен шыққан жоқ.

Отандасымыз мансабында 19 рет шығып, барлығында жеңіске жеткен.

 

 

Фото: shavkatrakhmonov94 / Instagram

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар