Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде өзінің UFC-ден кеткені туралы тараған ақпаратқа жауап берді.
Fighter Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жанкүйерлерін тыныштандырып, қазіргі уақытта белсенді түрде жаттығып жүргенін және жақын арада октагонға қайта оралатынын хабарлады.
«Күн сайын жаттығу жасап, бар күшімді салып жатырмын. Жақын арада ораламын. Октагонға қайта шығатын күнді асыға күтудемін»,- деп жазды Рахмонов.
Бұған дейін бірқатар шетелдік БАҚ Шавкат Рахмоновтың UFC ұйымымен келісімшарты үзілді деп хабарлаған болатын. Алайда кейіннен спортшының командасы бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов - UFC-дегі ең танымал қазақстандық спортшылардың бірі. Ол әлі күнге дейін жекпе-жек рекордында жеңіліссіз (18-0) нәтижемен келеді және әлемнің үздік жартылай орта салмақтағы файтерлерінің қатарына кіреді.
Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC