457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шавкат Рахмонов өнер көрсететін салмақта ресейлік файтер әлем чемпионы атанды

Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде жартылай орта салмақтың бұрынғы чемпионы, аустралиялық Джек Делла Маддалена (18-3) шешен Ислам Махачевпен (28-1) кездесіп, чемпиондық белбеуден айрылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Махачев осыған дейін жеңіл салмақта әлем чемпионы болған. Ол бұл дивизионда өзіне тең қарсылас қалмаған соң, бір салмақ жоғары көтеріліп, жаңа дивизионда да мықтылығын дәлелдеп отыр.

Маддаленаға қарсы өткен чемпиондық айқас Ислам үшін аса ауыр болды деуге келмейді. Тек жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтай алмады. Кездесу негізінен партерде өрбіді, ал аустралиялық файтер қарсыласын әдеттегідей қыса алған жоқ. Соған қарамастан, қылқындыру тәсілдеріне түспей, уақытылы қорғанып, қауіпті сәттерден сытылып шығып отырды.

Осылайша, Ислам Махачев – жартылай орта салмақтағы жаңа әлем чемпионы атанды. Ал Джек Делла Маддалена белбеуді бір жыл да ұстап тұра алмады.

Еске сала кетейік, дәл осы салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (19-0) былтыр чемпиондық жекпе-жекке шығуы тиіс еді, алайда денсаулығына байланысты октагонға орала алмады.

 

 

Фото: Getty Images