Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегіндегі басты қиындық аталды
UFC-де бұрын өнер көрсеткен қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов Шавкат Рахмоновтың алдағы жекпе-жегіндегі ең үлкен мінді атап өтті, деп жазады Betonmobile.ru сайты.
Морозовтың айтуынша, Шавкаттың қарсыласының кім болатыны аса маңызды емес – қазақ спортшысы кез келген мықты үшін өте қауіпті қарсылас саналады.
«Шавкатқа кім берілсе де – бәрібір. Оның арсеналы өте кең: әрі соққысы мықты, әрі күресі жоғары деңгейде. Ол кез келген қарсылас үшін үлкен проблема. Мінезін, жеңіске деген жігерін жақсы білемін. Мұндай деңгейде ұсақ-түйек болмайды, өйткені сол ұсақ-түйектің өзі жеңісті құрайды. Шавкат – өте тәжірибелі жауынгер», – деді Морозов.
Дегенмен ол Рахмоновтың алдында тұрған басты қиындықты да атап өтті:
«Қазір Шавкаттың мойнында үлкен жауапкершілік бар. Ол чемпиондық жекпе-жекке жақын болды, бірақ жұдырықтаспады. Енді тағы да үміткерлік айқасқа шығады. Егер ол жекпе-жекке дұрыс дайындалып, күйзеліске төзімді болса – өз жұмысын өте жақсы атқарады», – деді ол.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов октагонға соңғы рет бір жыл бұрын шыққан. 2024 жылдың желтоқсанында ол Иэн Гэрриді ұпай санымен жеңген болатын. Сол уақыттан бері жартылай орта салмақта чемпион екі рет ауысты.
Шавкаттың келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні жақын уақытта жариялануы тиіс.
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған