Шавкат Рахмонов Ислам Махачевке уәде берді
Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы ахуалға қатысты пікір білдіріп, октагонға қашан оралатынын болжап айтты.
Шавкат қазіргі уақытта дайындық жүргізіп жатқанын айтып, келесі жекпе-жектің шамамен қашан өтетінін белгіледі:
«Жаттығып жатырмыз, бабымызға ене бастадық. Менің ойымша, бәрі жақсы болса, жекпе-жек ақпан айының басы немесе ортасында болады», – деді Рахмонов.
Ол дивизионда жаңа күшті есімдердің пайда болғанын атап өтті:
«Жаңа жұлдыздар көбейіп жатыр. Бұрынғылар да бар. Мысалы, Пратес, Моралес – екеуі де өзін жақсы көрсетті. Біздің дивизион өте қызық, бәсекелестік жоғары, сондықтан лидерлер жиі ауысады», – деді қазақстандық файтер.
Сонымен бірге Шавкат жеңіл салмақ чемпионы Ислам Махачевті құттықтап, болашақта онымен кездескісі келетінін ашық айтты:
«Исламды белбеуімен құттықтаймын. Егер бәрі жақсы болса, жақында кездесетін шығармыз», – деп мәлімдеді Рахмонов.
Шавкаттың қазіргі жағдайы
Рахмонов UFC жартылай орта салмағындағы рейтингте 4-орында.
Соңғы айқасы – өткен жылдың желтоқсанында ирландиялық Иэн Гэрриді жеңуі.
Бүгін Катарда өткен UFC Fight Night турнирінде Шавкат отандасымыз Асу Алмабаевты секундант ретінде қолдап, оның Алекс Пересті мерзімінен бұрын жеңуіне куә болды.
Шавкаттың келесі қарсыласы әлі анықталмағанымен, ақпандағы жекпе-жек UFC жанкүйерлері үшін ең күтілетін оқиғалардың бірі болмақ.
Фото: UFC видеосынан скрин
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған