Шавкат Рахмонов экстремалды хоббиіне қайта оралды
Қазақстандық UFC ұйымының жауынгері Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде бұрын екінші орында тұрған қазақстандық файтер Instagram парақшасында аңшылықтан түсірілген фотосын бөлісті. Суретте танымал ММА спортшысы таулы аймақта аң аулауға дайын тұрған сәті бейнеленген.
«Аңшылық – бұл ауру. Жақсысы, бәрі бірдей онымен ауырмайды», - деп жазды Рахмонов сторисінде.
Айта кетейік, Шавкат бұған дейін де аңшылықтан түсірілген фотоларын жиі жариялап, табиғат аясында демалу оның сүйікті хоббиі екенін бірнеше рет айтқан.
Рахмонов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Гэрримен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Осыдан кейін қазақстандық спортшы жарақатынан айығып, қалпына келу кезеңінен өтті. Ол биыл көктемде октагонға қайта оралуы мүмкін екенін айтқанымен, кейін аяғынан тағы жарақат алған. Қазіргі жарияланған суреттер – спортшының жарақатынан кейінгі алғашқы аңшылық сәттері болып отыр.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған