Ресейлік БАҚ Бекзат Алмаханның UFC-дегі жекпе-жегіне болжам жасады
Ресейдің «Ведомости» басылымы қазақстандық файтер Бекзат Алмахан мен бразилиялық Жан Мацумото арасындағы UFC жекпе-жегіне қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Сарапшылардың пікірінше, бұл жеңіл салмақтағы екі спортшы арасындағы тартысты әрі тең дәрежедегі кездесу болмақ. Жекпе-жектің басым бөлігі тік тұрып айқасу форматында өтуі мүмкін деп күтілуде.
Басылым Мацумотоны тәжірибелі әрі әмбебап спортшы ретінде сипаттаса, Алмаханның да жоғары қарқынмен жұмыс істей алатынын атап өткен. Сарапшылардың ойынша, кездесудегі басты факторлардың бірі спортшылардың төзімділігі болуы ықтимал.
Сондай-ақ қазақстандық файтердің жеңіске жету мүмкіндігі оның қарсыласының тейкдаун әрекеттерінен қорғана алуына және партердегі өнеріне байланысты болатыны айтылған.
«Ведомости» сарапшылары бұл жекпе-жек толық үш раундқа созылады деп болжап отыр. Себебі қос спортшының мансабында мерзімінен бұрын жеңіліс өте аз кездескен.
Еске салайық, Бекзат Алмахан мен Жан Мацумото арасындағы кездесу UFC Fight Night 280 турнирі аясында Әзербайжанның Баку қаласында өтеді. Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 18:20-да басталады.
Фото: Sports.kz
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған