Рахмонов пен Махачев жекпе-жеке шығуы мүмкін
Қатардағы UFC Fight Night 256 турнирінде жартылай орта салмақтағы ресейлік жаңа чемпион Ислам Махачев пен қазақстандық Шавкат Рахмонов арасында кездесу өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнир барысында Шавкат жерлесі Асу Алмабаевты қолдаса, Махачев өз жерлестері Сайгид Изагахмаев пен Тагир Ұланбековке демеу көрсетті.
Шавкат пен Ислам турнирден тыс жерде жолығып, кейінірек сұхбат барысында ойларын бөлісті. Рахмонов:
Иә, жаңа жұлдыздар жанып келеді. Олар жақсы нәтиже көрсетті – Пратес, Моралес. Екеуі де мықты. Біздің дивизион өте қызықты әрі бәсекеге қабілетті, сондықтан үнемі өзгеріп отырады. Исламды белбеуімен құттықтаймыз. Егер бәрі жақсы болса, жақын арада кездесеміз деп ойлаймын, – деді.
Ал UFC чемпионы Ислам Махачев Рахмоновты Қатарда қарсы алғанын, қазақстандықтан құттықтау сөздерін естігенін және қол алысып көріскенін атап өтті:
«Егер ол (Шавкат) сауығып, UFC келесі жекпе-жекке дайын болса, неге болмасқа?! Біріншіден, ол қайтып оралуы керек. Ол бір жылдан астам уақыт бойы жекпе-жек өткізген жоқ», – деді Махачев.
Айта кету керек, Шавкат Рахмонов 2026 жылдың ақпан айында жарысқа оралуға дайын екенін мәлімдеген.
Фото: sports.kz
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған