Рахмонов – Махачев: UFC титулы үшін айқастың күні мен өтетін орны аталды
UFC октагонының екі «патшасы» - қазақстандық Шавкат Рахмонов пен жеңіліс таппаған дағыстандық чемпион Ислам Махачев арасындағы ықтимал жекпе-жек 2026 жылдың ең көп күтілетін айқастарының біріне айналуы мүмкін.
MMA.Meta-ratings.ru басылымы 2026 жылы MMA әлемін дүр сілкіндіруі ықтимал ең үздік 10 қарсыластықтың тізімін жариялап, соның қатарына Рахмонов пен Махачевтің титулдық кездесуін қосты.
UFC-ге супержекпе-жек қажет
Сарапшылардың пікірінше, UFC жаңа дәуірге қадам басты. Промоушеннің UFC ұйымымен Paramount компаниясы арасында 7,7 млрд долларлық келісімшарт жасалуы – ғаламдық деңгейдегі супержекпе-жектерге сұранысты арттырды. Осы тұрғыда «Номад» пен жеңіл салмақтың қазіргі чемпионы арасындағы айқас UFC стратегиясына толық сай келеді.
Жекпе-жек өтуінің басты шарты
Талдаушылар бұл жекпе-жектің өтуі үшін екі файтердің де кестесі мен нәтижелері сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті. Ислам Махачев 2026 жылдың жазында Илия Топурияға қарсы титулын қорғауы мүмкін. Ал Шавкат Рахмоновқа чемпиондық белбеуге жету үшін соңғы қадам жасау қажет.
«Егер Махачев белсенділігін жоғалтпай, 2026 жылы бірнеше жекпе-жек өткізсе, соның бірі Шавкат Рахмоновқа қарсы өтуі әбден мүмкін. Қазір Рахмонов тағы да бір жеңістен кейін титулдық мүмкіндікке ие болады», – деп жазады басылым.
Қайда және қашан?
Мұндай ауқымды айқас үшін ең қолайлы орын ретінде Абу-Даби қаласы аталып отыр. UFC-дің БАӘ-дегі турнирлері дәстүрлі түрде жылдың соңында – қазан мен желтоқсан аралығында өтеді. Бұл екі спортшыға да толыққанды дайындық жүргізуге мүмкіндік береді.
Сарапшылардың айтуынша, Рахмонов пен Махачев халықаралық жұлдыз мәртебесіне үміткер. Сондықтан бұл жекпе-жек АҚШ жанкүйерлерінің де ерекше қызығушылығын тудырады.
Шавкат Рахмоновтың қазіргі формасы
Еске салайық, Шавкат Рахмонов MMA элитасындағы мінсіз жолын жалғастырып келеді. Соңғы жекпе-жегін ол 2025 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде өткізді.
Аталған кеште «Номад» ирландиялық Иэн Гэрримен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен сенімді жеңіске жетті. Бұл нәтиже оның дивизиондағы ең қауіпті үміткер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Егер жарақат пен денсаулық мәселесі мазаламаса, 2026 жыл Шавкат Рахмонов үшін алтын жылға айналуы әбден мүмкін.
Фото: ©UFC
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған