457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қырғызстандық Мықтыбек Оролбай UFC 330 турнирінде оңбай жеңілді

Жартылай орта салмақта (77,1 келіге дейін) өткен жекпе-жек турнирдің алғашқы кездесуі болды.

Қырғызстандық аралас жекпе-жек шебері Мықтыбек Оролбай АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен UFC 330 турнирінде Джеремайя Уэллске есе жіберді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жартылай орта салмақта (77,1 келіге дейін) өткен жекпе-жек турнирдің алғашқы кездесуі болды. Үш раундқа жоспарланған айқас толық қашықтыққа жетпей аяқталды.

Жекпе-жектің соңғы бөлігінде Оролбай қарсыласын тейкдаун арқылы құлатуға әрекет жасаған. Алайда америкалық спортшы шабуылды дер кезінде тоқтатып, тұншықтыру әдісін қолданды. Оролбай есінен танып қалғаннан кейін төреші кездесуді тоқтатты.

Осылайша 39 жастағы Джеремайя Уэллс қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Оның кәсіпқой ММА-дегі көрсеткіші — 14 жеңіс, 4 жеңіліс және 1 тең нәтиже.

Ал Мықтыбек Оролбай кәсіпқой мансабында алғаш рет жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңіліспен аяқтады. Осы кездесуге дейін қырғызстандық спортшы қатарынан үш рет жеңіске жеткен еді.

28 жастағы Оролбайдың жалпы кәсіби рекорды — 16 жеңіс, 3 жеңіліс және 1 тең нәтиже.

Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

Ең көп оқылған