Қырғызстандық файтер UFC-дегі дебютінде сирек әдіспен жеңіске жетті
Қырғызстандық аралас жекпе-жек шебері Муртазали Магомедов UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
26 жастағы спортшы Лас-Вегаста өткен UFC турнирінің негізгі кардында өнер көрсетті. Ол жартылай жеңіл салмақта (65,7 келіге дейін) армениялық Мелсик Багдасарянмен кездесті.
Үш раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Магомедов жекпе-жектің алғашқы сәттерінде қарсыласын партерге түсіріп, басымдыққа ие болды. Кейін ол ММА-да сирек қолданылатын «твистер» ауырту әдісін сәтті орындап, Багдасарянды берілуге мәжбүр етті. Жекпе-жек небәрі 1 минут 17 секундқа созылды.
Бұл Муртазали Магомедовтың UFC-дегі дебюттік кездесуі болды. Осы жеңістен кейін оның ММА-дегі кәсіби рекорды 11 жеңіске жетіп, жеңіліссіз сериясын сақтап қалды. Бұған дейін ол қазақстандық Octagon промоушенінің жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін иеленген.
Ал 34 жастағы Мелсик Багдасарян қатарынан екінші рет жеңіліс тапты. Оның еншісінде қазір сегіз жеңіс пен төрт жеңіліс бар.
Сондай-ақ аталған UFC турнирінде грузиялық екі спортшы да дебют жасады. Леван Чохели жартылай орта салмақта америкалық-армениялық Леон Шахбазянды 23 секундта нокаутқа түсірсе, Отари Танзилови жартылай жеңіл салмақта америкалық Шейн Коллинске төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жол берді.
Фото:
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған