457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қуат Хамитов танымал MMA файтерінің ұсынысына жауап берді

Қуат Хамитов қарсыласының ұсынысын толық жоққа шығарған жоқ

Қазақстандық танымал ММА файтері Қуат Хамитов ресейлік спортшы Александр Махноның жекпе-жек өткізу туралы ұсынысына пікір білдірді.

Бұған дейін «Атаман» лақап атымен белгілі Александр Махно қазақстандық спортшыға ашық түрде челлендж жасап, кездесуді 19 маусымда Омбы қаласында өтетін ACA лигасының дебюттік турнирінде ұйымдастыруды ұсынған болатын.

Алайда Қуат Хамитов қарсыласының ұсынысын толық жоққа шығарған жоқ. Дегенмен ол жекпе-жекті дәл сол күні өткізуге асықпайтынын жеткізді.

«Идея жақсы, бірақ өзара кикілжіңімізді сәл кейінірек қалдырған дұрыс сияқты», - деп жазды Хамитов Instagram сторисінде.

Осылайша, қазақстандық файтер бұл кездесуге қарсы емес екенін, бірақ жекпе-жекті басқа уақытқа ауыстыруды жөн көретінін аңғартты.

Айта кетейік, 35 жастағы Александр Махно Ресейдегі бірнеше промоушенде өнер көрсеткен. Оның ішінде M-1 Global, AMC Fight Nights және ACA ұйымдары бар. Соңғы жекпе-жегін ол 2025 жылдың 5 желтоқсанында Мәскеуде өткен ACA 197 турнирінде өткізді. Бұл кездесуде Махно үшінші раундта румыниялық файтер Аурелио Пиртеяға қылқындыру әдісімен (гильотина) есе жіберді.

Ал Қуат Хамитов соңғы рет октагонға 15 ақпанда шықты. Ол Грузияның Батуми қаласында өткен GFC 36 x GBC 4 турнирінде бразилиялық Алан Силваны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді.

Фото: әлеуметтік желі