457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қуат Хамитов пен Арман Царукян арасындағы жекпе-жектің күні белгілі болды

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов UFC ұйымының жеңіл салмақтағы жетекші спортшыларының бірі Арман Царукянмен күрес кездесуін өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Айқас 11 шілде күні Грузия астанасы Тбилисиде өтетін америкалық Real American Freestyle (RAF) лигасының «RAF Georgia» турнирі аясында ұйымдастырылады. Кездесу орта салмақ дәрежесінде өтпек.

38 жастағы Қуат Хамитов кәсіби ММА мансабын 2011 жылы бастаған. Осы уақыт ішінде ол 28 жеңіске жетіп, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтады. Сонымен қатар сегіз рет жеңіліп, екі кездесуінде тең нәтиже тіркелген.

Ал 29 жастағы Арман Царукян кәсіби мансабын 2015 жылы бастап, 2019 жылдан бері UFC ұйымында өнер көрсетіп келеді. Оның еншісінде 23 жеңіс бар, оның 15-і мерзімінен бұрын аяқталған. Сондай-ақ үш рет жеңіліс тапқан. Еркін күрес пен аралас жекпе-жектен спорт шебері саналатын спортшы жанкүйерлерге «Ахалкалакец» лақап атымен танымал.

 

 Фото: IG/kuat__khamitov©