Мәзір
ММА

Қуат Хамитов әлемдегі ең ірі жұдырықтасу лигасынан ұсыныс алды

Сабина Асқарқызы 42 қаралым
Қуат Хамитов әлемдегі ең ірі жұдырықтасу лигасынан ұсыныс алды

Қазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов әлемдегі ең беделді жұдырықтасу ұйымдарының бірі – Bare Knuckle Fighting Championship (BKFC) лигасынан жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс алғанын мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz. 

«BKFC ұйымынан ұсыныс алдым. Егер келісімшарттың талаптары бойынша ортақ шешімге келсек, күзде мен үшін жаңа ұйымда өнер көрсетемін», – деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

BKFC (Bare Knuckle Fighting Championship) – жалаң жұдырықпен өтетін жекпе-жектерді ұйымдастыратын әлемдегі ең ірі промоушен. АҚШ-тың Филадельфия қаласында орналасқан ұйым 2018 жылы құрылған. Ол 1889 жылдан бері АҚШ-та ресми түрде жалаң жұдырық боксы турнирлерін өткізуге лицензия алған алғашқы компания саналады.

Соңғы жылдары BKFC-де ММА мен кәсіпқой бокстың көптеген танымал спортшылары өнер көрсетіп келеді.

Айта кетейік, осы айда Қуат Хамитов RAF ұйымында алғаш рет белдесіп, еркін күрес ережесі бойынша UFC-дің үздік файтерлерінің бірі Арман Царукянмен кездескен еді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы жеңіліске ұшырады.

Осыдан кейін Хамитов әйгілі қарсыласымен реванш өткізуге дайын екенін айтып, тағы бір жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынған болатын.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар