Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болды
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысов 66 жасында дүниеден өтті. Ол 2 тамызда қайтыс болған, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желілерде марқұмның рухына Құран бағышталып, ас берілетіні жөніндегі хабарландыру тарағаннан кейін белгілі болды.
Бақтыбай Алпамысовтың құрметіне арналған ас 13 тамызда Қарағанды қаласында өтеді.
Ардақты әкеміз Алпамысов Бақтыбай Рахманұлының құрметіне Құран бағышталып, бейсенбілік ас беріледі, – делінген хабарламада.
Жаңалық жарияланған уақытта Шавкат Рахмонов әкесінің қазасына қатысты көпшілікке пікір білдірмеген.
Айта кетейік, 31 жастағы Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында жеңіліп көрмеген. Оның рекордында 19 жекпе-жек және 19 жеңіс бар. Оның жетеуін UFC октагонында тіркеген.
Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы желтоқсанда UFC 310 турнирінде өткізді. Ол кездесуде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.
Бұл Рахмоновтың кәсіби мансабында жекпе-жегі төрешілер шешіміне дейін жеткен алғашқы кездесуі болды. Қазіргі уақытта спортшы жарақатына байланысты ұзақ үзілісте жүр.
Фото: әлеуметтік желіден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған