Қазақстандық файтер допинг қолданғаны үшін UFC-ден шеттетілді
Қазақстандық файтер Әліби Ыдрыс антидопинг ережелерін бұзғаны үшін UFC-ден 12 айға дисквалицияға ұшырады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұйымның ресми сайтында хабарланғандай, спортшы 2026 жылғы 21 ақпанда Хьюстондағы (АҚШ) UFC Fight Night турнирінде өткен жекпе-жектен кейін тапсырған допинг сынамасын оң нәтиже көрсеткен. Сол кездегі кездесуде Ыдрыс төрешілердің шешімі бойынша ямайкалық Оде Осборнды жеңген еді.
Спортшы салмақ өлшеуден бұрын дәрі қабылдағанын мойындады.
Антидопинг органдарымен толық ынтымақтастық жасалғанына қарамастан, ереже бұзудың ауырлығына байланысты дисквалификация мерзімі қысқартылмады. Шектеу 2026 жылғы 21 ақпанда басталып, 2027 жылғы 21 ақпанда аяқталады.
Фото: ©UFC
Ең көп оқылған