Мәзір
ММА

Қазақстандық файтер АҚШ-та титулдық айқасқа шығады

Сабина Асқарқызы 84 қаралым
Қазақстандық файтер АҚШ-та титулдық айқасқа шығады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Аян Тұрсын (8–1) АҚШ-тағы беделді Cage Fury Fighting Championships (CFFC) промоушенінде чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болды.

Аян Тұрсын жеңіл (минималды) салмақтағы бос тұрған чемпиондық титул үшін жапониялық, әлі жеңіліп көрмеген файтер Ариса Мацудамен (7-0) күш сынасады.

Жекпе-жек туралы негізгі мәліметтер

Өтетін күні: 6 ақпан

Өтетін орны: Филадельфия қаласы, Пенсильвания штаты (АҚШ)

Турнир: CFFC 150

31 жастағы Аян Тұрсын үшін бұл – CFFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жек. Бұған дейін ол Octagon және Dala Fighting Championship промоушендерінде өнер көрсетіп, кәсіби мансабында 8 жеңіс пен 1 жеңіліске қол жеткізген.

Турнирдің басты айқасы

CFFC 150 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы вакантты чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Бұл кездесуде Қырғызстан өкілі Бусурман Жумагул (4-0) мен америкалық Дэниэл Моррисон (7-2) октагонға шығады.

Айта кетейік, CFFC 150 турнирі қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше маңызға ие. Аян Тұрсын ел тарихында АҚШ-тағы беделді лигада чемпион атануға бір қадам жақын тұр.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар