457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Үш раундқа жоспарланған кездесу толық қашықтыққа созылды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде (93 кг дейін) өткен жекпе-жекте қазақстандық файтер бразилиялық Рафаэл Тобиаспен кездесті. Бұл айқас турнирдің алдын ала кардында өтті.

Үш раундқа жоспарланған кездесу толық қашықтыққа созылды. Жекпе-жек барысында Нұрғожай көбіне тік тұрып жұдырықтасып, қарсыласына бірнеше рет қысым көрсетті. Қиын сәттер болғанымен, қазақстандық спортшы айқасты өз пайдасына шешіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, 28 жастағы Дияр Нұрғожай UFC ұйымындағы алғашқы жеңісін тіркеді. Оның кәсіби ММА-дағы рекорды енді 11 жеңіс және 2 жеңіліс болып тұр.

Ал 22 жастағы бразилиялық Рафаэл Тобиас үшін бұл кәсіби мансабындағы екінші жеңіліс болды. Бұған дейін оның алты жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясы болған.

Жекпе-жектен кейін Дияр Нұрғожай әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

«Ассалаумағалейкум, Қазақстан халқы! Жекпе-жек енді ғана аяқталды. Қателіктер мен кемшіліктер болды. Бірақ жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Барша қолдау көрсеткен жанкүйерлерге үлкен рақмет!» – деді спортшы.

Айта кетейік, UFC 326 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Макс Холлоуэй мен бразилиялық Чарльз Оливейра октагонда кездесті.

 Фото: Mike Roach/Zuffa LLC