Қазақстан тумасв UFC-дегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді
Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев UFC 325 турнирінде жеңіліске ұшырағаннан кейін жанкүйерлеріне Instagram арқылы үндеу жасады. Жекпе-жек Австралияның Сидней қаласында өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазіргі таңда Әзірбайжан туы астында өнер көрсететін файтер жекпе-жектен кейінгі жағдайын көрсетті. Оның бетінде көптеген көгерулер бар, бір көзі ісіп кеткен. Физиев бұл кездесуде техникалық нокаутпен жеңілгенін ашық айтты.
Спортшы жеңілісті сабырмен қабылдап, бұл өзі таңдаған өмір жолы екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай жолды таңдау үшін батылдық қажет, ал ол алға қарай қозғалысын жалғастыра береді.
Рафаэль Физиев өзін нағыз жауынгер екенін атап өтіп, қайта оралатынын мәлімдеді. Ол болашақта деңгейін көтеріп, жанкүйерлерін жеңістерімен қуантатынын айтты әрі қолдау білдіргендердің барлығына алғыс білдірді.
Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Физиевке бразилиялық Маурисио Руффи қарсылас болды. Рафаэль соңғы бес жекпе-жегінің төртеуінде жеңіліп қалды. Қазір оның кәсіби рекорды - 13 жеңіс пен 5 жеңіліс. Физиев Жамбыл облысы Қордай ауылында дүниеге келген.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған