«Қара бала, сенің күнің бітті!»: Шавкат Рахмонов америкалық файтердің мәлімдемесіне жауап қатты
Қазақтан шыққан UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов UFC 322 турнирінен кейін титулдық айқасқа шығуға ниетті екенін ашық білдірген болатын, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ислам Махачевтің Джек Делла Маддаленаны жеңуі Рахмоновтың дағыстандық файтермен бірден чемпиондық жекпе-жек өткізгісі келетінін аңғартты. Алайда UFC басшылығы бұл жоспарды қолдамай, қазақстандық спортшыға үміткерлік деңгейдегі тағы бір жекпе-жек ұсынды.
Жартылай орта салмақта бос қарсыластардың аздығына байланысты Рахмоновтың 2026 жылдың басында октагонға қайта оралу жоспарына америкалық Хоакин Бакли үн қатты. Бұған дейін де ол бірнеше рет Шавкатты жекпе-жекке шақырғанымен, нақты жауап алмаған еді.
АҚШ өкілі Камару Усманнан жеңілгенге дейін айтарлықтай жеңісті сериямен көзге түскен. Ол «Нигерия қорқынышымен» кездесуіне дейін Стивен Томпсонды аяқта тұрып алғаш рет мерзімінен бұрын жеңген файтер ретінде тарихқа енді. Кезекті мәлімдемесінде Бакли Рахмоновты дөрекі сөздермен сынап, келісімшартқа қол қоюға шақырды. Бұл жолы «Номад» үнсіз қалмады.
«Қара бала, сенің күнің бітті!», – деп қысқа да нұсқа жауап қатты Шавкат Рахмонов.
Сарапшылардың пікірінше, Рахмонов пен Бакли арасындағы жекпе-жек UFC 326 турнирінің қосалқы басты айқасына айналуы мүмкін. Ол кештің негізгі оқиғасы ретінде Макс Холлоуэй мен Чарльз Оливейраның қарымта кездесуі қарастырылып отыр. Тағы бір ықтимал нұсқа – Сиднейде өтетін UFC 325 турнирі. Онда басты жекпе-жекте Алекс Волкановски мен Диего Лопес күш сынасуы мүмкін.
Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы рет тура бір жыл бұрын, UFC 298 турнирінде октагонға шығып, Иэн Гарриді жеңіп, кәсіби мансабындағы жеңіліссіз көрсеткішін сақтап қалған еді.
Фото: instagram/shavkatrakhmonov94
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған