457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Махачев UFC-дегі мансабы аяқталуға жақын екенін айтты

Махачев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қарашасында Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде өткізді.

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев ұйымдағы мансабын жалғастыруға уақыты көп қалмағанын айтып, алдағы уақытта жиірек жекпе-жек өткізгісі келетінін жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

34 жастағы ресейлік спортшы UFC Даңқ залының мүшесі Деметриус Джонсонмен әңгімесінде мансабының аяқталуға жақын екенін сезетінін айтты.

«Мен енді жас емеспін. Қазір мен үшін үш-төрт ай сайын жекпе-жек өткізу тиімді. Менің 28 жаста емес, қазір 34-те екенімді түсінемін. Сондықтан көп уақытым қалған жоқ. Кейде UFC-де бәрі қалағаныңдай бола бермейді. Үш-төрт айдан кейін жекпе-жек өткізгің келеді, бірақ бәрі тек сенің қалауыңа байланысты емес», – деді Махачев.

16 тамызда Махачев Филадельфияда өтетін UFC 330 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайды. Оның қарсыласы – ирландиялық Иэн Гэрри. Бұл жекпе-жек кештің басты айқасы болады.

Махачев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қарашасында Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде өткізді. Ол австралиялық Джек Делла Маддаленаны жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуге ие болды.

Спортшының кәсіби рекорды - 28 жеңіс және бір жеңіліс. UFC-дегі жеңісті сериясы 16 жекпе-жекке жеткен. Бұған дейін Махачев жеңіл салмақта да UFC чемпионы атанған.

Сонымен қатар ресейлік спортшы салмақ дәрежесіне қарамастан UFC рейтингінде бірінші орында тұр.

Фото: Getty Images

Ең көп оқылған