457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Макгрегор UFC 329-дағы жекпе-жегінің нәтижесін жарамсыз деп тануды талап етті

UFC ұйымының бұрынғы екі дүркін чемпионы Конор Макгрегор Макс Холлоуэйге қарсы өткен UFC 329 турниріндегі жекпе-жектің нәтижесін қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ирландиялық файтер бұл туралы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеп, кездесуді «өтпеді» (No Contest) деп тануды талап етті.

Жекпе-жек барысында Макгрегор алғашқы минуттардың бірінде аяғын жарақаттап алып, тепе-теңдігін жоғалтты. Осыдан кейін төреші кездесуді техникалық нокаутпен тоқтатты. UFC президенті Дэйна Уайттың айтуынша, спортшының алдыңғы айқаспалы тізе байламы (ACL) үзілген болуы мүмкін.

Екі мәселені айтқым келеді. Біріншіден, ертең жарақатымның нақты диагнозы белгілі болады. Екіншіден, бұл жекпе-жек нәтижесіз деп танылып, барлық ставкалар қайтарылуы керек, – деп жазды Макгрегор.

37 жастағы ирландиялық спортшы UFC-ге бес жылдық үзілістен кейін қайта оралды. Оның кәсіби мансабында 22 жеңіс пен 7 жеңіліс тіркелген. Макгрегор бұған дейін UFC-дің жеңіл және жартылай жеңіл салмақ дәрежелерінде чемпиондық атаққа ие болған.

Ал Макс Холлоуэй үшін бұл жеңіс мансабындағы 28-ші болды. Оның еншісінде сондай-ақ 9 жеңіліс бар.

 

Фото: Ian Maule / Getty Images