Ирландиялық файтер Конор Макгрегор бес жылдық үзілістен кейін UFC октагонына қайта оралғанымен, жеңілістен құтыла алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
UFC 329 турнирінде жартылай орта салмақта америкалық Макс Холлоуэймен кездескен Макгрегор жекпе-жектің алғашқы раундында жарақат алып, төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты. Осылайша жеңіс техникалық нокаутпен Холлоуэйге берілді.
Кездесу басталған сәтте-ақ Макгрегор қарсыласына бірден шабуылдап, алайда тайып кетіп, сәтсіз қимылдан кейін аяғын жарақаттап алды. Жекпе-жекті жалғастыра алмаған соң төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.
Айта кетейік, бұл Макгрегордың 2021 жылдың шілдесінен бергі алғашқы жекпе-жегі болды. Ол соңғы рет UFC 264 турнирінде америкалық Дастин Порьеден жеңілген еді.
Жекпе-жек алдында Конор Макгрегор қарсыласын небәрі он секундта жеңетінін айтып, бұл кездесу Холлоуэйдің мансабындағы соңғы айқас болатынын мәлімдеген болатын.
Ал Макс Холлоуэй - UFC ұйымының жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы. Бұл олардың екінші кездесуі болды. Алғашқы жекпе-жекте, 2013 жылы, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Макгрегор жеңіске жеткен еді.
Фото: Global Look Press