Конор МакГрегор UFC октагонына қайта оралады
Танымал спорт журналисті Ариэль Хельванидің мәліметінше, UFC ирландиялық спортшымен келісімге келуге жақын және МакГрегорды октагонға қайтару үшін бар күшін салып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Қазіргі таңда UFC-ға Конор бұрынғыдан да қажет. Олардың міндеті – оның оралуын қамтамасыз ету. Барлығы дұрыс бағытта жүріп жатыр. Егер ол 11 шілдеде жекпе-жекке шықпаса, бұл шынымен де маңызды жағдай болған деген сөз», – деп жазды Хельвани әлеуметтік желіде.
Естеріңізге сала кетейік, Конордың Ақ үй турнирінде Майкл Чендлермен кездесуі мүмкін деген сыбыстар айтылған болатын. Алайда, ақырында Чендлер Маурисио Руффимен айқасса, МакГрегордың қарсыласы Макс Холлуэй болуы ықтимал.
Фото:Steve Marcus/ Reuters
Ең көп оқылған