Конор Макгрегор UFC-ге оралып, Махачевпен шыққысы келеді
UFC-дің атышулы жұлдызы Конор Макгрегор (22-6) жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін қазіргі чемпион Ислам Махачевпен (28-1) жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.
Макгрегор қарсыласының соңғы белдесуін жоғары бағалап, екі солақайдың айқасы жанкүйерлер үшін керемет шоу болатынын айтты:
«Мен міндетті түрде жартылай орта салмақта белбеуге таласқым келеді. Бұл тамаша жекпе-жек болар еді. Солақайға қарсы солақай. Ислам жақсы өнер көрсетті, салмақ көтеріп шығуға батылдығы жетті. Бұл айқасты асыға күтіп отырмын», - деді ол.
Алайда бұл белбеуге талас тек Макгрегор мен Махачев арасында ғана шешілмеуі мүмкін.
Жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуге ең мықты үміткерлердің бірі – қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0). Бір жылға жуық октагонға шықпағанына қарамастан, оның позициясы өзгерген жоқ.
2024 жылғы 7 желтоқсанда Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриді (17-1) қазылар шешімімен айқын жеңіп, өзінің рекордын 19-0-ге жеткізді.
Егер Макгрегор–Махачев жекпе-жегі ұйымдастырылса, дәл осы кезде Рахмоновтың да чемпиондық айқасқа жолдама алу мүмкіндігі айтарлықтай арта түспек.
Фото: Getty Images
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған