457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Конор Макгрегор тізе жарақатына байланысты бір жылға спорттан шеттетіледі

Ирландиялық спортшы 12 шілде күні Лас-Вегаста өткен UFC 329 турнирінде америкалық Макс Холлоуэйге қарсы жекпе-жекте тізесінен жарақат алып, кездесуде 65 секундта техникалық нокаутпен жеңіліс тапты.

UFC ұйымының бұрынғы екі салмақ дәрежесіндегі чемпионы Конор Макгрегор UFC 329 турнирінде алған ауыр жарақатына байланысты шамамен бір жылға жекпе-жектерден тыс қалады. Бұл туралы UFC президенті Дэйна Уайт баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz

Ирландиялық спортшы 12 шілде күні Лас-Вегаста өткен UFC 329 турнирінде америкалық Макс Холлоуэйге қарсы жекпе-жекте тізесінен жарақат алып, кездесуде 65 секундта техникалық нокаутпен жеңіліс тапты.

Жекпе-жектен кейін Дэйна Уайт Макгрегордың алдыңғы айқас байламының (ACL) жыртылуына күдік бар екенін айтқан болатын. Кейін Макгрегор әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы уақытта ота жасататынын хабарлап, Холлоуэймен өткен кездесуді өтпеген жекпе-жек деп тануды сұрады.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекке дейін Макгрегор соңғы рет 2021 жылдың шілде айында октагонға шығып, америкалық Дастин Порьеден жеңіліп, аяғын сындырған еді. Содан бері ол UFC-де өнер көрсетпеген.

38 жастағы Конор Макгрегордың аралас жекпе-жек (ММА) мансабында 22 жеңіс және 7 жеңіліс бар. Ол UFC тарихында бір уақытта жеңіл және жартылай жеңіл салмақ дәрежелерінің чемпионы атанған алғашқы спортшылардың бірі ретінде танымал.

Фото: Getty Images