Конор Макгрегор спорттан 18 айға шеттетілді
UFC-дің бұрынғы екі дүркін чемпионы Конор Макгрегор допингке қарсы саясатты бұзғаны үшін 18 айға спорттан шеттетілді. Бұл туралы АҚШ-тың Допингке қарсы агенттігі (USADA) хабарлады.
UFC ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Макгрегор 2024 жылы бір жыл ішінде үш рет биологиялық үлгі тапсыру талабын орындамаған. Мұндай жағдай ережені бұзу болып саналады.
USADA ережесі бойынша, UFC спортшылары агенттік өкілдері кез келген уақытта хабарласып, алдын ала ескертусіз сынама алу мүмкіндігі болуы үшін өздерінің нақты орналасқан жері туралы ақпаратты тұрақты түрде жаңартып отыруы тиіс.
Ирландиялық спортшы 2024 жылдың 13 маусымында, 19 және 20 қыркүйегінде биологиялық үлгі тапсыруға келмеген.
Алайда Макгрегор өз кінәсін мойындап, тергеу барысында агенттікпен толық ынтымақтастық орнатқан. Сол себепті стандартты екі жылдық дисквалификация 18 айға дейін қысқартылды.
Шеттету мерзімі 2024 жылдың 20 қыркүйегінен бастап есептеліп, 2026 жылдың 20 наурызында аяқталады.
Айта кетсек, бұған дейін Конор Макгрегор Ирландиядағы президенттік сайлауға қатысу ниетінен бас тартқан болатын.
Фото: Getty Images
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған