Конор Макгрегор келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін мәлімдеді
Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор келесі жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
UFC-дің екі салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатыр.
«Мен UFC-пен жекпе-жек туралы келіссөздер жүргізіп жатырмын. Ақ үйдегі турнирде немесе соған жақын уақытта Макгрегор октагонға оралады», - деді файтер.
АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылғы 4 шілдеде 2026 жылдың 14 маусымында АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай Ақ үй аумағында UFC турнирі өтетінін жариялаған болатын. Кеш аясында сегіз-тоғыз титулдық жекпе-жек ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Өткен жылдың қазан айында Макгрегор Ақ үйдегі турнирде америкалық Майкл Чендлермен жекпе-жек өткізуге келісімшартқа отырғанын хабарлаған болатын.
37 жастағы Макгрегор соңғы рет октагонға 2021 жылдың шілде айында UFC 264 турниріне қатысып, Дастин Порьеден техникалық нокаутпен (аяқ жарақатына байланысты) жеңілген еді. ММА бойынша оның еншісінде 22 жеңіс және 6 жеңіліс бар.
Фото: Steve Marcus/File Photo, Reuters
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған