457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кеңес Рақышев Шавкат Рахмоновқа қолдау білдірді

Кәсіпкер спортшының тағы да жарақат алғаны туралы жаңалықты естіген соң, оған аға ретінде моральдық қолдау көрсетуді жөн санағанын атап өтті.

Белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа қолдау білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz

Кәсіпкер спортшының тағы да жарақат алғаны туралы жаңалықты естіген соң, оған аға ретінде моральдық қолдау көрсетуді жөн санағанын атап өтті. Ол Шавкат Рахмоновтың өмір жолындағы қиындықтарға тоқталып, оның балалық шағынан бастап табандылық пен сабыр танытып келе жатқанын айтты.

«Шавкат, сен қиын балалық шақты бастан кештің. Жастайыңнан ауыр еңбек етіп, жақсы күндерді сабырмен күте алдың. Бұл да сондай өтпелі күндердің бірі. Ең бастысы — деніңнің сау болғаны. Қалғанының бәрі қазақ елі үшін екінші орында. Сен бізге қайсар мінезіңді, ерекше күш иесі екеніңді әлдеқашан дәлелдедің. Тек бізге емес, бүкіл әлем соған куә. Сен біз үшін батырсың. UFC-ге барған қазақстандықтарға жол салып, арттарыңнан ерушілерге үлкен мүмкіндік аштың,туымызды таныттың! Талай жастың жүрегінде үміт отын жағып, үлкен мақсатқа жетудің кілті - еңбек пен сабыр екенін дәлелдедің.Денің сау, жүрегің тыныш болсын, батыр! Біз сенімен біргеміз”, - деп жазды Кеңес Рақышев.

Кеңес Рықышевтің айтуынша, қазіргі қиындықтар — уақытша сынақ. Ең бастысы спортшының денсаулығы, ал қалғанының барлығы екінші орында. Ол Рахмоновтың қайсар мінезі мен ерекше күш иесі екенін әлдеқашан дәлелдегенін жеткізді.

Жазбасының соңында Кеңес Рақышев Шавкат Рахмоновқа саулық, рухани тыныштық тілеп, елдің әрдайым оның жанында екенін білдірді.

Фото: Кеңес Рақышевтің әлеуметтік желідегі парақшасынан