«Канела» Рахмонов пен Махачев жекпе-жегінде кім жеңіске жететінін айтты
«Канела» деген лақап атпен танымал бразилиялық файтер Жозе Энрике Соуза (8-1) сұхбатында UFC-де қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) пен ресейлік Ислам Махачев (28-1) арасындағы ықтимал жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді.
«Қазіргі таңда Исламды барлық уақыттағы ең үздік файтер деп есептеймін. Дегенмен, бұл екеуінің айқасы жанкүйерлер үшін керемет болар еді. Менің ойымша, бұл жекпе-жекте Ислам жеңіске жетеді, - деді Соуза.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді (17-1) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.
Ал Ислам Махачев австралиялық Джек Делла Маддаленадан (18-3) басым түсіп, UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы атанды.
Фото: Fight time
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған