457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ислам Махачев UFC-дегі мансабында қанша табыс тапты?

Махачевтің Гэрримен жекпе-жектегі негізгі гонорары 1 миллион доллар болған.

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев Иэн Мачадо Гэрриді жеңіп, титулын қорғады. Осы жекпе-жектен кейін ресейлік спортшының UFC-дегі мансабында қанша табыс тапқаны туралы деректер қайта назарға ілікті, деп жазады malimsports.kz. 

Sporty Salaries мәліметінше, Махачевтің Гэрримен жекпе-жектегі негізгі гонорары 1 миллион доллар болған. Бұған қоса ол ақылы трансляциялардан (PPV) үлес және UFC тарапынан берілетін бонус алуы мүмкін. Нәтижесіне қарай оның бұл жекпе-жектен жалпы табысы 3 миллион доллардан асуы ықтимал.

Ал Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жегінен Махачев 3,32 миллион доллар тапқан. Оның ішінде 800 мың доллар жекпе-жекке шыққаны үшін берілсе, 2,5 миллион доллар PPV сатылымдарынан түскен. Сонымен қатар 32 мың доллар демеушілік төлем алған.

Махачев UFC-дегі дебютін 2015 жылы Лео Кунцке қарсы өткізді. Сол кезде оның гонорары 24 мың доллар болды. Екінші жекпе-жегінде Адриану Мартинстен жеңіліп, 14 мың доллар алған. Бұл — оның кәсіби мансабындағы жалғыз жеңілісі.

2021 жылы Дэн Хукермен жекпе-жегінде Махачев алғаш рет 200 мың доллардан астам табыс тапты. Ол кездесуден кейінгі гонорары 211 мың долларды құрады. Келесі жекпе-жегінде Бобби Гринге қарсы да шамамен осындай сома алды.

Чарльз Оливейрамен жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін алғашқы кездесуінен Махачев шамамен 530 мың доллар тапқан. Александр Волкановскимен екі жекпе-жегінен бонустарды қоса есептегенде шамамен 4 миллион доллар алған. Ал Дастин Порьеге қарсы айқастан кейін оның табысы 1,8 миллион долларға жеткен.

Махачев мансабындағы ең жоғары төлемдердің бірін 2025 жылдың қаңтарында алды. UFC 311 турнирінде Ренато Мойканомен өткен жекпе-жектен ресейлік спортшы 3,64 миллион доллар табыс тапқан. Бастапқыда оның қарсыласы Арман Царукян болуы керек еді, алайда армян спортшысы жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда жарақат алған.

Give me Sport дерегіне сәйкес, 2025 жылдың наурызында Махачев UFC тарихындағы ең жоғары табыс тапқан спортшылардың алғашқы жиырмалығына кіріп, жекпе-жектерден түскен табысы бойынша 8,8 миллион доллар көрсеткішіне жеткен.

Кейінгі есептеулерде оның жалпы табысы 12,174 миллион доллар деп көрсетіліп, Махачев UFC тарихындағы ең көп табыс тапқан спортшылар рейтингінде тоғызыншы орынға орналасты. Бұл рейтингте көш бастап тұрған Конор Макгрегордың көрсеткіші — 39,3 миллион доллар.

Ал жалпы мансабындағы тіркелген табысы, оның ішінде бонустарды қоса есептегенде, 17,5 миллион долларға бағаланады.

Айта кетейік, Ислам Махачев UFC тарихында екі салмақта чемпиондық атаққа ие болған алғашқы ресейлік және 11-ші спортшы атанды. Сонымен қатар ол ұйым тарихындағы ең ұзақ жеңіс сериясын жаңартып, қатарынан 17 жекпе-жекте жеңіске жетті.

Ең көп оқылған