Ислам Махачев Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді
UFC жартылай орта салмақтағы ресейлік чемпионы Ислам Махачев келесі жекпе-жегін қашан және кімге қарсы өткізетіні туралы айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Егер Шавкат оралса, оған белбеу үшін жекпе-жек берілмейтін сияқты. Егер берілсе, мәселе жоқ. Бірақ ол бір жылдан астам уақыт айқаспаған, мүмкін белбеуге шығу үшін алдымен жеңіс керек шығар», — деді Махачев «Ушатайка» порталына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, ол келесі жекпе-жектің күні белгіленгенін айтып, қарсыласы ретінде Майкл Моралестің мүмкін екенін атап өтті.
Айта кетейік, Махачев UFC жеңіл салмақтағы чемпион. 2025 жылғы 15 қарашада жартылай орта салмаққа дебют жасап, аустралиялық Джек Деллу Маддаленуды төрешілер шешімімен жеңіп, жаңа салмақтағы UFC белбеуін иеленген.
Фото: Спортс.ру
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған