457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ислам Махачев Иэн Мачадо Гэрриді жеңіп, UFC рекордын жаңартты

Екі спортшының жекпе-жегі турнирдің басты айқасы болды.

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Екі спортшының жекпе-жегі турнирдің басты айқасы болды. 34 жастағы Махачев бұл салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғады. Ал Мачадо Гэрри жекпе-жекке дивизионның бірінші нөмірлі үміткері ретінде шықты.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек толық қашықтыққа созылды. Екінші раундта Махачев қарсыласын нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан ресейлік спортшының жеңісін тіркеді - 49:46, 49:46, 48:47.

Осылайша Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағын сәтті қорғап, қатарынан 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұл - UFC тарихындағы ең ұзақ жеңісті серия. Бұған дейінгі рекорд бразилиялық Андерсон Силваға тиесілі еді - ол қатарынан 16 жекпе-жекте жеңіске жеткен.

Махачевтің кәсіпқой ММА-дегі жалпы көрсеткіші - 29 жеңіс, 1 жеңіліс. Ол бұған дейін UFC-дің жеңіл салмақтағы (70,3 кг дейін) чемпионы атанған.

Ал Иэн Мачадо Гэрри кәсіпқой мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Ирландиялық спортшыға алғашқы жеңілісті қазақстандық Шавкат Рахмонов келтірген еді. 28 жастағы Гэрридің еншісінде 17 жеңіс бар.

Фото: Ашық дереккөзден 

Ең көп оқылған