457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Этникалық қазақ Тайлақ Нұражы UFC-дегі екінші жекпе-жегін америкалық файтерге қарсы өткізеді

Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Тайлақ Нұражы UFC-дегі екінші жекпе-жегін 28 тамызда өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс файтер Шанхайда өтетін UFC турнирінде америкалық Дарриус Флауэрспен (13 жеңіс, 8 жеңіліс) октагонға шығады.

Тайлақ Нұражы UFC-дегі дебютін 2025 жылы Шанхайдағы UFC Fight Night турнирінде өткізген еді. Сол кездесуде ол ирландиялық Кифер Кросбиді небәрі бір жарым минут ішінде нокаутпен жеңіп, жанкүйерлердің назарын өзіне аударған-ды.

Қазіргі уақытта Нұражы кәсіби мансабында 14 жекпе-жек өткізіп, 13 жеңіс пен 1 жеңіліс тіркелген.

Бұған дейін, 2024 жылы Тайлақ Қазақстанның Naiza промоушенінде де өнер көрсетіп, ақпан айындағы турнирде бразилиялық Дуглас Рибейроны техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңген.

Тайлак Нұражы мен Дарриус Флауэрс арасындағы кездесу 28 тамызда Қытайдың Шанхай қаласында өтетін UFC турнирінің аясында ұйымдастырылады.

 

Фото: instagram/tailak37