Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегінің уақытын жариялады
Қазақстандық актер әрі ММА шебері Еркебұлан Тоқтар алдағы жекпе-жегіне дайындықты бастап кеткенін мәлімдеді.
Танымал файтер әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ-тың Майами қаласындағы бокс залында жаттығу бастағанын жариялады.
Айта кетейік, бұл залда әлемдік бокс жұлдыздары Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа секілді мықты спортшылар дайындықтан өткен.
«Достар, бүгін жаттығудың алғашқы күні. Осы залға келіп, дайындықты бастадым. Мұнда Энтони Джошуа, Тайсон Фьюри сияқты мықты боксшылар жаттығады. Қысқасы, топ деңгейдегі спортшылардың ордасы. Бүгіннен бастап мен де осында жаттығамын. Алға!» – деді Еркебұлан Тоқтар Instagram желісінде жарияланған видеосында.
Сонымен қатар файтер келесі айқасы қоян-қолтық ұрыс (кулачный бой) ережесі бойынша өтетінін айтты. Жекпе-жек 28 наурыз күні Армения астанасы Ереванда ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтардың соңғы жекпе-жегі бокс ережесімен өткен болатын. 26 желтоқсанда Ташкенттегі «Хумо Аренада» өткен кездесуде қазақстандық спортшы жергілікті файтер Тимур Никулинді алғашқы раундта нокаутпен жеңген еді.
Фото: ©instagram.com/erkebulan_toktar/
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған