457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дияр Нұрғожай UFC турнирінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Нұрғожай Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 284 турнирінде бразилиялық Бруно Лопеспен кездесті.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай UFC-дегі кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Нұрғожай Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 284 турнирінде бразилиялық Бруно Лопеспен кездесті.

Жекпе-жек толық үш раундқа созылған жоқ. Қазақстандық спортшы алғашқы раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жетті.

Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби ММА-дағы 12-жеңісіне қол жеткізді. Ал Бруно Лопес мансабындағы төртінші жеңілісін тіркеді.

Бұл Нұрғожайдың UFC-дегі екінші жеңісі әрі қатарынан екінші рет жеңіске жетуі. Енді қазақстандық файтердің UFC-дегі көрсеткіші 2 жеңіс, 2 жеңіліс болып тұр.

Бруно Лопестің UFC-дегі статистикасы, өз кезегінде, 1 жеңіс, 3 жеңіліске өзгерді.

Айта кетейік, бұл Дияр Нұрғожайдың UFC аясындағы төртінші жекпе-жегі.

Фото: әлеуметтік желі