457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дияр Нұрғожай UFC-дегі төртінші жекпе-жегі алдында таразыға түсті

29 жастағы қазақстандық спортшы турнирдің алдын ала кардында өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – бразилиялық Бруно Лопес.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Лас-Вегаста өтетін UFC турнирі алдында ресми өлшеуден сәтті өтті, деп хабарлайды malimsports.kz

29 жастағы қазақстандық спортшы турнирдің алдын ала кардында өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – бразилиялық Бруно Лопес.

Ресми өлшеу кезінде екі спортшы да жартылай ауыр салмақтағы белгіленген межеден аспады. Нұрғожайдың салмағы 93 келі болса, Лопес 92,8 келі көрсетті.

Қазақстандық пен бразилиялық арасындағы жекпе-жек 9 тамыз күні Астана уақытымен шамамен сағат 04:30-да басталады.

Бұл Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі төртінші жекпе-жегі болмақ. Ол ұйымдағы алғашқы екі кездесуінде жеңіліп қалған. Ал соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Рафаэль Тобиасты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Қазақстандық спортшы кәсіпқой ММА-да 11 жеңіске жетіп, екі рет жеңілген. Ал 33 жастағы Бруно Лопестің еншісінде 14 жеңіс және үш жеңіліс бар.

Лас-Вегастағы турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта (70,3 келіге дейін) поляк Матеуш Гамрот пен австралиялық Куиллан Салкиллд кездеседі. Олар дивизион рейтингінде сәйкесінше сегізінші және 12-орындарда тұр.

Фото: Mike Roach/Zuffa LLC